20 000 жұмысшы жол жиегіне қажеттерін өтеcе, «Сасықкөлге» айналмаймыз ба? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
20 000 жұмысшы жол жиегіне қажеттерін өтеcе, «Сасықкөлге» айналмаймыз ба?

20 000 жұмысшы жол жиегіне қажеттерін өтеcе, «Сасықкөлге» айналмаймыз ба?

20 000 жұмысшы жол жиегіне қажеттерін өтеcе, «Сасықкөлге» айналмаймыз ба?

  • 18 Маусым 2018
  • 51
Фото - Caravan.kz

Бүгін «мұнайдың қара шаңырағы» аталған Қосшағыл елді мекеніне барып қайттым. Бұл жерде де түйіні шешілмеген мәселелер бастан асады екен. 800 дей түтінтүтеткен кішігірім қазақы ауылда балалар ойнайтын бір түйір ойын алаңы жоқ. Яғни, ересек балаларымыз  бен кішкентай балаларымызға өте обал, аса қиянат жасапотырған ел екенбіз. Әлде үкімет жоғарыға «Қосшағылдың әйелдері түгел бедеу»деген ақпарат таратты ма екен?

Бүгін біз ұрпағымызды ойлай алмасақ, онда ол ұрпақтан ертеңгі күні үміт те күтпей-аққояйық! Қосшағыл көшелері тастай қараңғы! Әрине сосын көр қараңғы тас түнектешайтан есіреді. Қосшағыл көшелеріне аспалы жарық шамдар қондырып қоюғаболмас па екен? Қосшағылда жарты сағат отырып демалып алатын бір түйір  саябақжоқ екен. Сонда бұл елді мекеннің адамдары демалуды білмейтіндей кронаменжасайтын сағат секілді ме екен? Әлде Қосшағыл тұрғындары бұл нәрселердіңбіреуіне де лайық емес пе? Бұл жерге міндетті түрде ересек балаларға арналған«футбол алаңдары» мен кішкентай сәбилерімізге арналған «мултиойын алаңдары»салыну керек! Тас жолдары жөнделіп көшелері жарықтану керек!

Айтпақшы, кездейсоқ Қосшағыл әкімшілігінің артқы жағынан сырты қоршалған,ішінде 70-тің үстінде терегі бар бір бақты көріп қалып сәл ойланып қалдым да біридея қосуды жөн деп таптым. Мынау бір үкіметке таптырмайтын оңай тәсіл болайындеп тұрған сыңайлы. Дәл осы бақтың ішіне брушәткі  тас төсеп, ішіне балаларойнайтын әткеншектер мен түрлі хайуанаттардың мүсіндерін қойдырып, аяқ суытып арқайын демалып отыратын арқалы, тербелмелі орындықтар қондырып, ішінедыбыскүшейткіштер арқылы "Қазақ Радиосы" мен "Шалқар" радиосын қосып қойса,мынауың бір Қосшағылдың  «Саяжан» паркіне айналып шыға келер еді.

Және бір айта кететін жайт, Қосшағылдың өз қарабасына бекітілген бір түйір спецкөліктері, тракторлары жоқ. Біреудің жазатайым су құбыры жарылса, қыста қарбасып қалса, т.с.с келеңсіздіктер орын алса, ауыл әкімі аудандағылардың артынанқалмай жүріп тракторларды сонау Құлсарыдан тарттырып алуы бір түрлі екен.Мысалы, Қосшағылдан бір үй өртенді делік, өрт сөндіргіш көлік Құлсарыданшығатын болса, ол көлік пойыздың өтуіне, «бөгетбаумның» жабылып тұрғанынабайланысты переезде іркіліп тұрып қалса не болады? Әрине Құдай басқа бермесін,дегенмен де жаңағыдай кедергілерден көлік өртенген үйдің адамдары әбден кәуәпболып пісіп қалғанша жете алмайтын болса, одан не қайыр? Осыны да бір естеншығармаған жөн! Сондықтан да, Қосшағыл секілді шалғайдағы ауылдық жерлергеүкіметтен спец көліктердің бөлінгенін тәуір көреміз!

* * *


Ал енді Қосшағылға жас әкім Саян Жұмабекұлы келгелі ел іші жәймен тазарабастады. Бұрын трактор тіркемесімен бір рейс қоқыс төгілсе, бүгінгі таңда күніге 3рейс қоқыс тазаланып төгілуде. «Жылой тазалықпен» келісімшартқа отырмаған кейтұрғындар көзді ала бере қоқыстарын көшеге шашып елді ластауларын әліде қояремес. Оның үстіне ауыл әкімі өзіне тиесілі болмаса да шамадан тыс қызмет атқарыпауыл төңірегіндегі асфалть маңын өтінішпен еріксіз тазалатып жүр. Бүгін соның біркуәсі болдым.  Атырау мен ТШО-ға қатынайтын, зауытқа жұмысшылартасымалдайтын үлкен автобустар экологиясынан бөлек жол жиегіне үлкензардаптарын тигізіп келеді екен. Құлсарыдан бастап Жаңа-Қаратон, Бүркіттің тұсы,Қосшағыл, көпір маңдарына автобустар тоқтап адамдарын бір сергітіп алады екен.Сергітіп емес, сидіріп алады деп айтсақ турасы сол болар! Автобустан түскенжұмысшылар темекілерін шегіп, сыраларын ішіп, бүкіл қоқыстарын тұрғанжерлеріне лақтырып кетеді. Салафан, темекі қаптары, босаған шөлмектер, т.с.с ласқоқыстардан асфалть жиегі тұнып тұр. «Біреудің бапалары» кішкентай балалар құсапжол жиегіне ұялмастан әпшулерін ұстап шаптырып тұрады. Кейін сол қолдарыменсамсаларын жеп мұрындарын шұқиды. Ерсілі-қарсылы өтіп жатқан автокөліктердентіптен именбейді. Жолаушылар ішінде қыздар да, өзге де әйел адамдардың барықуықтары жарылып келе жатқан джентельмендерді қызықтырмайды. Сырттан қараптұрғандарға өте ұят, жабайы көрініс! Қысқасы, ардан безген жұмысшылар жолжиектерін әбден сасытып болды. Біз сонда сасық елдің перзенттеріміз бе?

ТШО басшыларына қатаң ескерту! Ұятты жерлерінің резбілері ұстамайтынжұмысшыларыңа үлкендер памперісіне қосалқы ақша бөліңдер немесежұмысшыларыңды ішінде биодәретханасы бар заманауи автобустарментасымалдаңдар! Оған лаж болмаса кемпинг дейме, бір бәле қылып дәретханатіркемесін сүйретіп жүріңдер! Теңіз кенішінде жұмыс жасайтын 20 000 жұмысшы жол жиегіне қажеттерін өтеп кетсе «Сасықкөл» елді мекеніне айналмаймыз ба? Аләкімдерге айтарымыз, кез-келген жерге тоқтап дәрет сындырғыштарға үлкенмөлшерде айыппұл салдыртып, көліктерін айыптұраққа қаматыңдар! Осыны қатаңбақылауға жолға патрульдік қызметкерлерді жұмылдырыңдар! Осылардан қалғанқоқысты ауыл мәртебесі үшін Қосшағылдың әкімдері тазалап жүр. Бұл деген үлкенұят қой! Біз мына түрмен 50 елдің қатарына қалай қосылмақшымыз? Қосылсақ та,бұты су ұстамайтын шыжың ретінде тіркелетін болармыз!