«Цифрлық Қазақстан» мембағдарламасына шолу. Жалпы мағлұмат - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Цифрлық Қазақстан» мембағдарламасына шолу. Жалпы мағлұмат

«Цифрлық Қазақстан» мембағдарламасына шолу. Жалпы мағлұмат

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – бұл цифрлық технологияларды қолдану есебінен елдің әрбір азаматының тұрмыс деңгейін арттыруды көздейтін маңызды кешенді бағдарлама.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақ

  • 21 Маусым 2018
  • 9374
Фото - Caravan.kz

Бағдарламаның негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың негізінен жаңа траекториясы – болашақтың цифрлық экономикасына өту болып табылады.

Мембағдарламаны 2018-2022 жылдарда іске асыру басты бес бағыт бойынша жүргізілетін болады:

1. «Экономика салаларын цифрландыру» – алға бастайтын технологияларды және еңбек өнімділігін арттырып, капиталдандырудың өсуіне бастайтын мүмкіндіктерді қолдана отырып ҚР экономикасының дәстүрлі салаларын қайту құру.

2. «Цифрлық мемлекетке өту» – халық пен бизнеске олардың қажеттіктерін алдын ала болжай отырып қызметтер көрсету үшін мемлекеттің инфрақұрылымын қайта құру.

3. «Цифрлық Жібек жолын іске асыру» – деректерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықтағы және қорғалған инфрақұрылымын дамыту.

4. «Адами капиталды дамыту» – креативтік қоғам құруды және жаңа реалиялар – білімдер экономикасына өтуді қамтитын түрлендірулер.

5. «Инновациялық экожүйені құру» – бизнес, ғылым саласы және мемлекет арасында берік байланысы бар технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ инновацияларды енгізу үшін жағдай жасау.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде іске асырылған барлық іс-шаралар мен жобалар мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруды, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді, білім және денсаулық сапасын, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсартуды, еңбек өнімділігі мен ІЖӨ құрылымында кіші және орта бизнестердің үлесін артыруды мүмкін етеді.

Дереккөзі https://digitalkz.kz

Дереккөзі https://digitalkz.kz

Дереккөзі https://digitalkz.kz

Дереккөзі https://digitalkz.kz

Дереккөзі https://digitalkz.kz

Дереккөзі https://digitalkz.kz

Дереккөзі https://digitalkz.kz

Дереккөзі https://digitalkz.kz

Дереккөзі https://digitalkz.kz

Дереккөзі https://digitalkz.kz

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.