Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Өз елімізде қазақ тілінің қашан да ақсап тұратыны бірдің емес, барша халықтың намысына тиетіні сөзсіз. Қашан, кім қолға алып, бұл қателіктерді түзетеді деген сұрақ қойылғанымен, көп жағдайда жауапсыз қалатыны тағы бар. Қателігін түзетіп жатқандар саны да аз. Қате — қате күйінде қала береді.
"@samsungkz -тің мынандай жарнамасы көзіме ілікті. Қазақша нұсқасы біртүрлі сияқты емес пе? Жалпы жарнамалардың дұрыс шығуына кім жауапты? Дұрысын жазып жіберіңіздерші, біліп жүрсін!
Сондай алып компания бір қазақша дұрыс білетін адам таба алмағаны өкінішті-ақ…", деп жазды психолог Ержан Мырзабаев желідегі парақшасында.
Оқи отырыңыз:
Арман басқа қыздармен кездесіп жүр: Бейтаныс жігіт күйеуінің көзінше Ашаға сезімін білдірді