Зина жасаған Қажы желіні шулатып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зина жасаған Қажы желіні шулатып жатыр

Зина жасаған Қажы желіні шулатып жатыр

Шариғат жолымен жүріп, діни парыздарын түгел орындайтын адамдардың діни көзқараста күнə, адами көзққараста арсыздық болып саналатын əрекеттер жасайтыны неліктен? Мұндай жайлар өкінішке орай, əр өңірден, əредік кездесіп қалады.

  • 20 Маусым 2018
  • 420
Фото - Caravan.kz

Газет редакциясына келген елуді алқымдаған кексе əйел алпыстан асқан, қажылыққа барып келген күйеуінің арақ ішетін бір отыздағы орыс келіншегімен ашына екендігін айтып, ел-жұртқа бетін аймандай ету үшін газетке жазуды өтінді. Өз қолымен жазып əкелген хаты да бар екен.

Сол хатты алып мен имамға бардым. Намаз оқитын, мешіттен шықпайтын, немерелері бар əлгі ақсақалды ол да біледі екен. Əлгі əйел имамға да келген екен. Отбасының ішкі ісіне араласуға ешкімнің, оның ішінде мешіттің де құқы жоқ дегенді айтып, имам түсінік беруден бас тартты.

Таяуда фейсбукте қажыға барған, түрлі діни шараларға қатысып жүретін елге танымал пайғамбар жасынан асқан ақсақалдың бір əйелге парнографиялық ролик жіберіп, некеден тыс байланыс жасау күнə емес деген мазмұнда сөздер жазғаны туралы видео жарияланып, ол жұрт арасында үлкен пікір туғызды.

Шынын айтқанда, мұндай оқиғалар əр өңірден де кездеседі жəне жыл өткен сайын естір құлаққа ерсі осындай оқиғалар саны көбейіп бара жатқандай. Мешітке барып намаз оқып жүрген қыздарды некелеп алып, құмары қанған соң талақ етіп, бір қолдан екіншісіне көшіріп, еріксіз жезөкшеге айналдыратын жағдайлардың көбейіп кеткенін БАҚ айтып, жазып жатыр.

Нəпсіге қарсы күрес қияметке дейін жалғасады

Пайғамбарымыз осылай деген екен дейді. Яғни, нəпсімен күрес əрбір мұсылманның ең үлкен көңіл бөлетін маңызды міндеті болса керек. Өкінішке орай, намаз оқып, ораза ұстасақ, қажыға барып келсек болды, жұмақтың кілті қалтамызға өзі түседі дейтіндер нəпсімен күресу қажеттігін мүлдем естен шығарып алған сыңайлы.

Кез-келген спортшыдан табысқа жетуінің сыры неде екенін сұрап көріңіз — жаттығуда жəне үзбей жаттығуда — деген жауап аласыз. Олар жəй жаттықпайды, арнайы топталған дене жаттығуларымен мақсатты түрде үзбей айналысады. Нəтиже тек сонда ғана келеді. Бұл тек спортқа ғана қатысты жай емес, кез-келген істе міндетті түрде жаттығу қажет болады.

Дін де сол сияқты. Дəстүрлі діндердің бəрінің жалғыз мақсаты — адамның бойындағы нəпсіқұмарлық, мансапқорлық, тəкаппарлық, дүниеқоңыздық сияқты жаман əдеттерден арылып, кішіпейілдік, сабырлылық, жомарттық, кеңпейілдік сияқты жақсы қасиеттерді бойына орнықтыру болып табылады. Ал бұның бəрі мақсатты жұмыс жасап, үздіксіз жаттығумен, яғни діни парыздарды қалтқысыз орындаумен келеді.


Неге ұдайы жаттығумен айналысатын спортшылардың бəрі чемпион болмайды? Өйткені көп спортшылар жаттығудың жөні осы екен деп жөн-жосықсыз дене жаттығуларын жасап, сол арқылы нəтижеге жетуге болады деп санайды. Бұнда ең алдымен ақылмен əрекет жасау қажет. Яғни, алдыңа қойған мақсатқа жеткізуге көмектесетін арнайы жаттығуларды ғана алып, соған жете көңіл бөлген жөн.

Сол сияқты дінде де ең алдымен білім керек. Əр мұсылман — мен намаз оқып, ораза ұстасам, осындай нақты нəтижеге жетемін — деп өз əрекетінің салдарын білуі жəне жалпы діннің негізгі мақсат-мұратын санамен түсінуі тиіс. Сонда ғана нақты нəтиже болады. Ал бес уақыт намаз оқып, ораза ұстасам бəрі өзінен өзі бола салады деу ақылсыздық.

Исламның тарата айтқанда қырық парызы болса, соның бірі — ілім-білім үйрену. Білім болғанда жəй фəни білім емес, дін білімі. Пайғамбарға түскен ең бірінші аяттың — оқы- деген сөзден басталуы да білімнің мұсылман баласы үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек. Бүгінгі бес парызын орындай жүріп, күнəға белшеден батушылықтың ең басты жəне жалғыз себебі -ОСЫ, яғни,НАДАНДЫҚ

                                                                                                                                                Ақпарат көзі: qasym.kz