Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы болып Құрманғали Берік Уәлиұлы тағайындалды.

  • 21 Маусым 2018
  • 45
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 21 маусымдағы №98-Ж/Қ өкімімен Құрманғали Берік Уәлиұлы Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды», — делінген өңір әкімдігінің ресми сайтында.

Құрманғали Берік Уәлиұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары, 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы», 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика», 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

1997-2012 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің журналисі, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі, 2012-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары — баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі, 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған.