Барби болдым: Баян Алагөзова жастық шағының естеліктерімен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барби болдым: Баян Алагөзова жастық шағының естеліктерімен бөлісті

Барби болдым: Баян Алагөзова жастық шағының естеліктерімен бөлісті

Танымал продюсер Баян Алагөзова жастық шағының естелігімен бөлісті. Ол студенттік шақта тобының “Барбиі” болғанын айтты.

  • 22 Маусым 2018
  • 250
Фото - Caravan.kz

Баян Мақсатқызы Жүргенов атындағы (бұрынғы) театр институтында білім алған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

“Бір кездері мен Жүргенов атындағы театр институтының студенті болдым. Мәдина Балғабаева екеуміз керемет курста оқыдық, екі ғана қыз едік. Сондықтан да жігіттер бізді жақсы көретін, еркелететін. Мені Барби, ал Мәдинаны Күлбикеш деп атайтын”, – дейді Мақсатқызы.


Алайда Алагөзова аталған оқу орнын бітірмеген. Тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуі Бақытбек Есентаев оны оқудан шығарып алған. Себебі әртіс болғанын қаламаған. Дегенмен, бала күнінен ел назарында жүргенді ұнататын Баян ақырында журналистика факультетіне түскен. Бұл туралы Баян Мақсатқызы өзінің автобиографиялық кітабында жазған болатын.