«Кинотану» мамандығы бұдан былай ағылшын тілінде оқытылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Кинотану» мамандығы бұдан былай ағылшын тілінде оқытылады

«Кинотану» мамандығы бұдан былай ағылшын тілінде оқытылады

Алматыда Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Кинотану» мамандығына шақырады.

  • 22 Маусым 2018
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Өнертану» факультеті, «Кино тариxы мен теориясы» кафедрасының оқытушысы Дина Әмірбекованың айтуынша талапкерлерге қойылатын шарт күрделене түспек.

«Кинотану» мамандығын биылдан бастап ағылшын тілінде жүргізетін боламыз. Тіл білетін, сол тілде жаза, ойлана алатын талапкерлерге 8 грант бөлініп отыр. Мақсатымыз — тілді жетік меңгерген мамандар арқылы қазақ киносын әлемге таныту. Және тағы бір жаңалығымыз — күндізгі бөліммен қатар  ғаламтор арқылы қашықтан оқытуды іске қосамыз», — дейді Дана Әмірбекова

Жас талапкерлермен қатар екінші, үшінші мамандық аламын деушілерге де оқу орнының есігі ашық. «Мектеп түлектерінің ҰБТ-дан жинаған «Қазақ тілі» мен «Қазақстан тарихы» пәндерінің баллы есептеліп, оған шығармашылық емтихан көрсеткіші қосылады. Шығармашылық емтиханның бірінші кезеңінде сұрақтарға жауап беру керек, екіншісінде фильмге талдау, рецензия жасалады» ,- деді Дана Әмірбекова


Кешенді тестілеу тапсыратын талапкерлердің құжаттары 23 маусым сағат 12:00-ге дейін қабылданады.

25 маусымнан бастап мектеп түлектерінің  құжаттары қабылдана бастайды.