Америкалық келіншек ұлына Құдайберген деп қазақша ат қойғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкалық келіншек ұлына Құдайберген деп қазақша ат қойғанын айтты

Америкалық келіншек ұлына Құдайберген деп қазақша ат қойғанын айтты

Америкалық әйел өз есімінің Қазына, ұлының аты Құдайберген екенін айтты.

  • 25 Маусым 2018
  • 101
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы stan.kz хабарлайды. 

Желіде тараған видеода америкалық әйел өзінің Шымкентте екі жарым жыл тұрғанын, сол аралықта қазақ тілін үйреніп алғанын айтты. Ұлына қазақы есім бергенін атады. Айтуынша, ұлын Құдаш деп еркелетеді екен.

Ол қазақша қойған сұрақтың бәріне қазақ тілінде жауап берді.

“Шымкент өте ұнайды. Тұрғындары қонақжай. Кептеліс жоқ. Бәрі арзан. Орысша сөйлейтін қазақтар бар, бірақ бұл жақта орыстардың өзі қазақша сөйлейді.  Мен де қазақ тілін үйреніп алдым”, – дейді ол.


Видеоны Жолымбет Мәкіш есімді желі қолданушысы жариялады.