Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Жамбыл облысы Жасөркен мекеніне болған. Ата-анасы баланың өлі денесін тауып алды. Бала ауладағы су толы ыдысқа түсіп кетіп, тұншығып өлген.
Ведомствоның мәліметі бойынша, Жамбыл облысының өзінде биылғы жылы 7 адам суға кетіп мерт болған. Олардың төртеуі жас балалар.