Терминалдан ақша ұрлаған экс-әкім орынбасарының ұлына үкім шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Терминалдан ақша ұрлаған экс-әкім орынбасарының ұлына үкім шықты

Терминалдан ақша ұрлаған экс-әкім орынбасарының ұлына үкім шықты

Орал қаласы сотының үкімімен ірі көлемде қаржы жымқырған Дмитрий Зайкин, Игорь Дремасов және Антон Емельянов айыпты деп танылды.

  • 4 Шiлде 2018
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Қалалық соттан түскен мәліметке қарағанда, аталған үшеу өткен жылғы 15 желтоқсанда Орал қаласында және биылғы 24 ақпанда Қостанайға қарасты Затобольск кентінде «Каспий Банк» АҚ-ға қарасты терминалдардан 8 млн 292 мың теңге қаржы ұрлаған.

Сот барысында Орал қаласы прокуроры мен сотталушылар арасында кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасалды. Жәбірленуші тарап — «Каспий Банк» АҚ өкілі материалдық шығын толық өтелгендіктен, процессуалдық келісімге келісті.

Орал қаласы соты А.Емельяновты, И.Дремасовты, Д.Зайкинді ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағына сәйкес айыпты деп танып, 63-бапты қолдана отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде есептеу туралы үкім етті.


Айта кетейік, И.Дремасов — Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Владимир Дремасовтың ұлы.