"Білмейсің тағдыр жазуын, Жүрсең де бақыт төрінде-ай, Қояйықшы оу ағайын! Мен жайлы өсекті шынында-ай" - Керімбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Білмейсің тағдыр жазуын, Жүрсең де бақыт төрінде-ай, Қояйықшы оу ағайын! Мен жайлы өсекті шынында-ай" - Керімбекова

"Білмейсің тағдыр жазуын, Жүрсең де бақыт төрінде-ай, Қояйықшы оу ағайын! Мен жайлы өсекті шынында-ай" - Керімбекова

Әнші Ақбота Керімбекова өзінің өмірі жайлы айтты. 

  • 5 Шiлде 2018
  • 462
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Әнші жеке өміріне араласып, бас қатыратын оқырмандарына мынадай өлең жолдарын арнады:

"Өмір де өмір,өмір-ай,

Қазағым-жаным, менің-ай!

Жалғанды сезбей мұңайтқан,

Пейілі тар пенде көңіл-ай…

Сүріну маңдай жазуы,

Өмірдің осы өрінде-ай.

Білмейсің тағдыр жазуын,

Жүрсең де бақыт төрінде-ай…

Айыптау жанды оңай-ақ,


Кешпесең оның күйін-ай.

Алдыңнан нелер күтеді,

Білмейсің тәңір сыйын-ай.

Ешкімге артар өкпем жоқ,

Жүрмін мен бақыт нұрында-ай.

Үш ұлым тірек қорғаным,

Ал анам менің күнім,ай.

Әнім бар әлем тербеткен,

Халқым бар сүйген үнімді-ай.

Өкінішсіз менде өмір,

Қояйықшы оу ағайын!

Мен жайлы өсекті шынында-ай"