Қарақаттан бастап: Мақпал Жүнісова желіде әріптестерін бұғаттап тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарақаттан бастап: Мақпал Жүнісова желіде әріптестерін бұғаттап тастаған

Қарақаттан бастап: Мақпал Жүнісова желіде әріптестерін бұғаттап тастаған

Мақпал Жүнісова Instagram-да әріптестерінің парақшаларын оқымайды. Халық артисі тіпті, оларды бұғаттап тастаған көрінеді. Мұның себебін Жүнісова “Таңшолпан” бағдарламасында түсіндірді.

  • 5 Шiлде 2018
  • 64
Фото - Caravan.kz

Халық артисі Instagram-да жылы лебізін білдіріп, ақ тілегін жолдаған оқырмандарына жауап беріп, алғысын айтудан шаршамайды. Өнер иесі қолы қалт етсе парақшасындағы пікірлерге зер салады екен.

“Адамдардың саған айтқан тілектеріне бір ауыз сөзбен болсын жауап бергім келеді. Көлікте келе жатсам да, арасында тамақ жасап жүріп, арасында қарап қоямын”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Алайда Халық артисі әріптестерінің парақшасын мүлдем қарамайтын болып шықты.

“Өнер адамдарының бәрін өзімнен алып тастадым. Бірең-сараң ғана адамдар тұр. Ол кісілердің парақшасы менде болған. Ашып қарасам, бізде балағаттауға дайын тұратын адамдар көп екен ғой. Ана кісіні жерден алып, жерге салып жатады. Сонда жаман көңіл күйім түсіп қалады, сол үшін оқығым келмейді. Әріптестерім, әншілер маған ренжиді. “Мәке, бізді неге бұғаттап тастағансыз?” – дейді. Қарақат та, бәрі ренжіген.  Қойыңдаршы, сендер туралы жаман нәрсе оқысам жүрегім ауырып қалады, деймін.

Желіде жазылып жатқан нәрсе – сын емес, онда сені балағаттай салады. Маған да “сен әнші емессің” деп жазатындар бар. “Оңбағансың”, “неге сен шошқадай семізсің?” деп жазды. Мен енді семіз емеспін. Негізі әп-әдемі, сүп-сүйкімді келіншекпін. Құдайға шүкір, өзімнің жасыма лайықты. Жүрегім жас, беттім оттай береді демекші” – деп түсіндірді әнші.