Министр Қытайға қатысты тарап жатқан ақпараттар туралы не дейді? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр Қытайға қатысты тарап жатқан ақпараттар туралы не дейді?

Министр Қытайға қатысты тарап жатқан ақпараттар туралы не дейді?

Ақпарат министрлігі басшысының сөзіне сүйенсек, елімізде жалған ақпарат тарату үрдісі әлі жалғасып келеді

  • 9 Шiлде 2018
  • 53
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның ақпарат министрлігі басшысы Дәурен Абаев қандай бұқаралық ақпарат көздеріне сенетінін айтты.

Абаев негізінен дәстүрлі БАҚ-тарға сенім білдіреді екен.

"Тағы бір мәселе, кейбір жалған ақпарат ел арасында жылдан-жылға қызу талқыға түседі. Бұл үдеріс біраз уақытқа созылады деп қорқамын. Ешкім "хайпты" жіберіп алғысы келмейді, сонда да жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ұмытпауы тиіс. Бұл күрделі мәселе, қалжың мен дезинформацияның ара жігін ажырата білген жөн", — деді Абаев Астанадағы конференциядан кейін.

Министр атап өткендей, Желі де тарап кеткен сондай деректердің біріне өзі де сеніп қалған екен.

"Бір жаңалықты көріп қамығып қалдым. Қателеспесем, Қазақстан қалаларының бірінде, Сарыөзекте ғой деймін, тек Қытай Халық Республикасының азаматтары ғана тұрады делінген. Шындығында бұл жалған ақпарат екен, ол жерде Қазақстан азаматтары жұмыс істейді", — деді Дәурен Абаев.


Бұдан бұрын Абаев "қытайлар Қазақстанға ағылып жатқан жоқ", ал "біздің қоғам арасында Қытайдан үрейлену бар" деп мәлімдеген еді.

Ведомство басшысы дүйсенбі күні тілшілерге алдағы Media-2020 конференциясы туралы айтып берді. Бұл шарада Еуропа мен Азияның теле- және радиокомпанияларының өкілдері бас қоспақ.