Алматыға қауіп төніп тұр. Мемлекеттен 46 миллион теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға қауіп төніп тұр. Мемлекеттен 46 миллион теңге бөлінді

Алматыға қауіп төніп тұр. Мемлекеттен 46 миллион теңге бөлінді

​Алматыға таудағы 8 көлден қауіп төніп тұр.

  • 11 Шiлде 2018
  • 698
Фото - Caravan.kz

Мамандар тасуы мүмкін деген айдындардағы су деңгейін азайту үшін басқа бөгеттерге ағызуға кірісті.

 Күннің ысуынан мұздықтар тез еріп жатыр. Апатты болдырмас үшін «Қазселденқорғау» мекемесі арнайы аппараттардың көмегімен су деңгейін азайтуға кірісті.  Ең алдымен №3 көлдегі суды басқасына қарай ағызып, оның деңгейін 3 метрге төмендетіпті. Оны жүзеге асыру үшін 4 көлде диаметрі 315 милиметр болатын сифон құбырлар орнатылған. Ондағы суды ағызу жұмыстары қыркүйек, қазан айларына дейін жалғаса бермек.  Өйткені, көл арнасынан мұздықтардың еруі толық аяқталғанға дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі. 8 көлдегі судың жалпы көлемі 1 жарым миллион текше метрден асады. Алдын алу жұмыстарына республикалық бюджеттен 46 млн. теңге қаржы бөлінген.

Ерлан ӘЛІБЕКОВ Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары:


-Эвакуациалық арналарды  тазартамыз. Сол арқылы суды төменге қарай түсіреміз. 8 бекетке тағы 13 кезеңдік бекет ашылып отыр. Бекеттер модульлдік үйлермен қамтамасыз етіледі. Мореналық көлдер тәулік бойы бақылауда болады.