Ирландиялық оқушы Қазақстандағы әкесімен соттасты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ирландиялық оқушы Қазақстандағы әкесімен соттасты

Ирландиялық оқушы Қазақстандағы әкесімен соттасты

Жасөспірім шетелдегі білімін аяқтау үшін әкесінен алимент алғысы келген.

  • 11 Шiлде 2018
  • 13
Фото - Caravan.kz

Ирландиялық оқушы Өскеменде тұратын әкесімен соттасып, ер адам жасөспірімнің білім алуына қаражат төлеуге міндеттелді. Оқиға жайында Semeyainasy басылымына сілтеме жасап Sputnik хабарлайды.

Оқу жылы 2018 жылы 30 маусымда аяқталды, оқушы екі айдың алиментін төлеткізуді сұрапты – оқу ақысын төлеуге қаражат керек болған екен. Өскеменде тұратын баланың әкесі ұлының талаптарынан бас тартып, Қазақстанда да білім алуына болады дегенді алға тартады. Алайда сот оқушының жағына шықты.

"Сот отырысы кезінде жауапқа тартылушының дәйектері негізсіз деп танылды, өйткені бала қайда оқысы келсе де, таңдау жасауына құқығы бар", — делінген сот  хабарламасында. 


Жасөспірімнің арызы ер адамның "материалдық жағдайын ескере отырып" қанағаттандырылды. Әкесі баласына 15 АЕК, яғни 36 075 теңге төлеуі тиіс.