Бұл туралы Caravan.kz Инстаграм желісіндегі “Әйел бақыты” тобына сілтеме жасап хабарлайды.
«Неге адамдар мәселенің мәнін көрмейді, оны кеңінен қарамайды? Бәрі біздің Қазақстандағы саяси жүйеге байланысты. Мысалы, біз қанша қытай тілін білсек те, Қытай азаматтығын ешқашан ала алмаймыз. Ал елімізде бәрі оп-оңай, осында жұмыс істеп жүріп, өзге елден, өзге ұлттан болып, мемлекеттік тілді білмесе де Қазақстан азаматтығын алу қиындық туғызбайды.
Бізде қытайлар үшін визасыз режім енгізді. Қытайлар көптеген құрылыс нысандарын салып жатыр. Біздің қазақтар еліміздің дамуына үлес қоса алмайды, тек шағым айтуды біледі. Ауызбен бәрі «патриот», мақтанудан алдыларына жан салмайды, іске келгенде нөл»,- деп ашынды ол.
Бойжеткен неге қазақ жігітіне тұрмысқа шықпадың деген сұрақтарға да жауап бере кетті.
«Біздің қазақтар өздері ештеңе істей алмайды, өзгелерге де істеуге мүмкіндік бермейді. Шексіз ресурстар мен таусылмайтын уақыт бар сияқты, еліміз әлі жас деп сылтауратады. Көбі күйеу жігітім «неге қазақ емес?», «қарапайым болсын қазақ табылмады ма?», «біздің қазақ жігіттері сені бағаламаған ғой» деген сұрақтарымен мені шаршатып жіберді».
«Шынын айтсам, мен жайлы өзгелердің не ойлайтыны қатты алаңдатпайды. Негізі қазақтар мені бағаламады емес, мен оларды бағаламадым. Біздің жігіттер қызметің, жеке пәтерің болғанын қалайды. Ата-анасы кімдер (сенің жоғарыда байланыстарың бар ма?) деген пікірді оларға әке-шешелері таңып қояды. Отбасында келіннің пікірімен мүлдем санаспайды, турасын айтқанда құл сияқты. Біздің статистиканы қарасаңыз, отбасылық зорлық-зомбылықтың көптігі соншалық, ажырасумен бірдей болып келе жатыр», – деп жазған ол».
Ләйләнің айтуынша, күйеуі ислам дінін қабылдап, доңыз етін жемейтін болған. Қазақ қызы желіде балағат сөз жазып отыратындардан өз күйеуін артық көретінін айтты.