Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлайды.
"Тропосфералық процестердің қайта құрыла басталуы Сирия және Ирак аймағынан ыстық ауа массаларының шығарылуын Қазақстанның батыс бөлігіне және республиканың оңтүстігіне әкеледі. Мұнда жауын-шашынсыз және ауа температурасының плюс 40-43 градусқа дейін қайта көтерілуі күтіледі", – делінген хабарламада.
Ал республиканың шығыс бөлігіне Сібірден салқын және дымқыл ауа біртіндеп түсе бастайды. Сондықтан мұнда жаздағыдай жылы, қатты ыстықсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде найзағаймен және екпінді желмен өткінші жаңбыр болжанады. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын күтіледі, бірақ батыс облыстарында қалыптыдан 3-7 градусқа жылырақ күтіледі.