Жұлдыз жорамал: 16 шілде - 22 шілде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұлдыз жорамал: 16 шілде - 22 шілде

Жұлдыз жорамал: 16 шілде - 22 шілде

Жұлдыз жорамал:

  • 16 Шiлде 2018
  • 946
Фото - Caravan.kz

Тоқты

Сүйгеніңізбен біргесіз. Екеуіңіз бір-біріңізді қуантудан шаршамайсыздар. Бұл сіздің өмірлік принцптеріңіздің бірі. Осы жолдан тайынбаңыз. Сүйген жанмен бірге болу -ол, өмірдің мәні деп біліңіз. Бақыттысыз..

Торпақ

Сіз сабырлы, салмақытырақ болғанды жаныңыз сүйеді. Бірақ айналаңызға мән беріп қараңызшы,өмір сіз ойлағандай қатал емес. Күліңіз, қуаныңыз,сүйіңіз тамаша ғой бұл дүние шіркін!!!

Егіздер

Күніңіз шуақыты да нұрға толы болады. Бос өткізбеңіз. Барлық тірлікті жинап қойып, дүкен аралаңыз, өзіңізге ұнайтын жаңа заттар сатып алыңыз. Бұл сіздің көңіл күйіңізді көтереді. Кешкісін таза ауада саябақта демалған сіз үшін өте жақсы болмақ

Шаян

Сүйу -дегеннің не екенін енді ғана түсінгендейсіз. Сіз ғашық болдыңыз. Бақыттан басыңыз айналып жүр. Жүрегіңізде не болып жатқанын түсінер емессіз. Өмір сіз үшін бұрынғыдан да мәнді екенін түсінгендейсіз. Сезіміңізді жасырмаңыз. Ол да сізді күтіп жүр.

Арыстан

Күніңіз жақсы жаңалықтардан басталды. Иә бұл дегеніңіз қарап жатпаңыз деген сөз. Қолыңызда барды қадірлей біліңіз. Сүйгеніңізді қуантыңыз. Бірге қыдырыңыздар, РОМАНТИКАҒА ТОЛЫ кеш ұйымдастырыңыз. Сүйгеніңізге бәрі ұнайды. Саспаңыз, ол жан тек сізге ғана лайық.

Бикеш

Қуануыңызға көп себеп. Жолыңыз ашық. Барлық істеріңіз алға басып келеді. Қызметіңізде жоғарылады. Қалтаңыз да қалыңдады. Уайымдауға еш себеп жоқ. Сүйгеніңізге көбірік көңіл бөліңіз. Ол сізден қолдау күтеді.

Таразы

Кинодағыдай өмір сүргіңіз келеді ма? Ендеше барлық ісіңізде пысық болыңыз. Көп шашыла бермеңіз. Ақшаға келгенде қаттырақ болыңыз. Сүйгеніңізге көп көңіл бөліңіз, ол қазір өзін жалғыз сезініп жүр. Қолдау көрсетіңіз.


Сарышаян

Сарышаяндарды көп ренжітпеңіздер. Олардың жүректері өте нәзік. Тез ренжігіш келеді. Сөйлегенде байыппен асықпай сөйлейді. Достарыңыз өте көп. Сүйсе құлай сүйеді, сүймесе ешкімге де қарамайды, жалынбайды. Бірқалыпты жандар.

Мерген

Көздеріңіз өткір. Көрген нәрселеріңізді істемей қоймайтын қайтпас мінезді қайратты жандар. Босқа қарап жүрмейсіздер. Қай жерде жүрсеңіздер де ақша табудың жолын тауып қарастырып жүресіздер. Достарыңызға сыйлы жансыздар. Сүйсеңіздер жүректеріңізбен беріліп сүйесіздер.

Тауешкі

Күніңіз жақсы басталады. Ойыңыздағы істердің бәрі орындалады…..Материалдық жағдайларыңыз жақсарып, достарыңыздың алды боласыз. Сізге қызығып қарайтын адамдар көбейеді. Қарапайым болыңыз

Суқұйғыш

Сіз бірнеше жандарға ұнауыңыз мүмкін. Ал сіз бірақ жанды ұнатасыз. Жүрегіңіз тек сол деп соғады. Сол жанды көрмесеңіз тұра алмайтында күй кешесіз. Сіздер біргесіздер.Сыйластық ең басты нәрсе. Сізді көп адамдар үлгі тұтады. Сізде соған лайық болыңыз.

Балықтар

"МЕН СЕНІ СҮЙЕМІН" деген жанды күтіп жүрсіз бе? Ол сіздің қасыңызда жүр, мұқият жан-жағыңызға қараңыз. Бақыттың кілті өзіңіздің қолыңызда. Әттеген -ай деп жүрмеңіз…