Көзін үлкейту үшін қабағын кестірген Маржан Арапбаева сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көзін үлкейту үшін қабағын кестірген Маржан Арапбаева сынға қалды

Көзін үлкейту үшін қабағын кестірген Маржан Арапбаева сынға қалды

Сұлулық құрбандықты талап етеді. Танымал әнші Маржан Арапбаева жақында қабағына ота жасатқанын ашық айтты.

  • 16 Шiлде 2018
  • 331
Фото - Caravan.kz

Өнер иесі көзін үлкейту үшін қабағын кестіріп, артық терісін алдырып тастаған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

“Әлемдегі әр нәзік жан әдемі болып жүру үшін жаралған. Әдемі болу айыпты іс емес қой… Алайда уақыт өзінікін алады емес пе? Соңғы кездері жас қыздар арасында да, үлкендер арасында да косметологқа бару, түрлі процедуралар жасату, дәрумені көп екпе егу, пластикалық отаға жүгінушілер қатары көбеюде.

Оған себеп медицинаның дамуы, білімді пластикалық ота жасайтын дәрігерлердің жасаған жұмыстарының керемет нәтижесі. Жақында мен де көзімнің қабағына блеферопластика жасаттым. Нәтижесі көңілімнен шықты. Айтпағым, бұл медицина көмегімен артық теріні, бетке түскен әжімдерді кетіру”, – деп ағынан жарылды әнші.

Бұл орайда желі қолданушыларының бір тобы әншінің сұлулана түскенін атап өтсе, екіншілері табиғи болмысқа өзгеріс енгізуге болмайтынын айтып, сынға алған.