Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
"Өлім дерегін суға абайсызда батып кетті деген тұжырыммен тіркеді. Жасөспірім Ақкөл қаласынан 8 шақырым қашықтықта орналасқан "Арман" лагерінде демалған. Іс бойынша сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама нәтижесі мен дене жарақаты сараптамасы бір ай ішінде белгілі болады. Сараптама нәтижесі бойынша нақты бір шешім қабылданады", — деді баспасөз қызметі.
Білім басқармасы лагерь басшысымен тергеу ісін жүргізіп жатыр деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Ұлдың ата-анасы баласының өлімі жайлы 9 шілде күні білді.
"Біз барған кезде бізге барлық ақпаратты айтып береді. Екі күннен кейін, Көкөшетауға жол таратамыз. Біз өлім жайлы 9 шілде де білдік, қазір оны Астана қаласында жерледі. Иә, денесінде зақымдар бар. Сараптама жүргізіліп жатыр", — деді баланың әкесі Дмитрий Семенцов.