Бұл туралы ABC News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Шериф округіндегілердің мәліметінше, полиция офицерлері әлеуметтік желіде Питерстің ұсынысын кездейсоқ көріп қалған. Хабарландыруда 2 жасар қыздың суреттері де болған.
Мэри Питерс 2018 жылы ақпан айында тұтқындалды. Сол күні әйел 2 жасар қызын алып, онымен жыныстық қатынасқа түсуге келіскен ер адаммен кездесу үшін қаланың шетіне бармақ болып, автобусқа отырған. Осы кезде оны детективтер аңдып жүріпті.
Әйел тұтқындалғаннан кейін, бүлдіршін балаларды қорғау жөніндегі қызмет өкілдеріне табысталды. Ал Питерстің өзі 40 жылға бас бостандығынан айырылды.