Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
"Қайтыс болған әйелдердің саны еліміз бойынша — 31. Осыған дейінгі жылдармен салыстырсақ, жыл сайын 50-60 әйел қайтыс болған. Ресми статистика бар. Біз жыл сайын аудит жүргіземіз", — деді министр үкіметтегі баспасөз-конференциясы барысында.
Министрдің айтуынша, бүгінге дейін босанған әйелдердің өлімінің саны 14-15-ке жетті.
"Бұл салыстырмалы көрсеткіш. (…) Ал статистика — ол шартты. Мысалы, Қызылорда облысында былтыр ондай жағдай тіркелген жоқ, бірақ биыл ол көрсеткіш бірден екіге жетті. Барлығы әйелдердің санына, демографияға және босану жиілігіне байланысты", — деді министр.