Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталының тілшісі оқиға орнын суретке түсіріп, жаяу жүргіншілер мен жұмысшылардың бірінен сұхбат алды.
— Жұмыстың аты жұмыс. Қиыны жұмыс кезіндегі күннің ыстығы, бірақ амал жоқ, — дейді жұмысшылардың бірі.
— Жұмысты қашан аяқтайсыздар?
— Нақты айта алмаймын, бірақ, біз жақсы қарқынмен жұмыс істеп жатырмыз.
Қопарылған жер тұрғындар мен жаяу жүргіншілерге келеңсіздіктер мен қолайсыздықтар тудыруда.
— Қаланың орталығы болғандықтан, жүріп-тұруымызға қолайсыздық пен ыңғайзыздықтар тудыруда. Бірақ, бұның бәрі қаланың көркеюі үшін жасалуда. Бұрынғыдан да әдемі болады деп үміттенеміз, деп ойын бөлісті жаяу жүргіншілердің бірі.
— Иә, бәрін қопарып тастадық, ал, қазір жаңа плиткалар қалап жатырмыз. Не айтса, соны жасаймыз, деп жұмысшы кешірім сұрап, одан әрі жұмысын жасауға кірісіп кетті.