Ресейде терроризмді насихаттаған Қазақстан азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде терроризмді насихаттаған Қазақстан азаматы ұсталды

Ресейде терроризмді насихаттаған Қазақстан азаматы ұсталды

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Томск облысында аймақ тұрғындары арасында ғаламтор арқылы терроризм идеясын насихаттаған 22 жастағы Қазақстан азаматын қолға түсіріп, оның үстінен қылмыстық іс қозғады.

  • 20 Шiлде 2018
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ТАСС хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Ресей Федерациясының ФҚҚБ Томск облысы бойынша тергеу бөлімі қазақстандық азаматқа қарсы «Лаңкестік, терроризм әрекеттерін жасау үшін көпшілікті өзіне шақыру немесе терроризмді насихаттау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталған бап жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жазаны көздейді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, күдікті Томск қаласында террористік шабуылдарды насихаттайтын материалдар таратып, лаңкестердің жасаған әрекеттерін ашық түрде ақтап отырған.