Астаналықтар жұмысты мобильдік қосымша арқылы таба алады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналықтар жұмысты мобильдік қосымша арқылы таба алады

Астаналықтар жұмысты мобильдік қосымша арқылы таба алады

Енді астаналықтар Smart Astana мобильдік қосымшасының көмегімен жұмыс берушілер ұсынған бос орындарды онлайн көріп, оларды таңдай алады.

  • 22 Шiлде 2018
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Smart Astana тегін мобильдік қосымшасы онлайн режимде бір мезетте бірнеше операцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, онда ұсынылған 10 айдарда қызметтің 70-тен астам түрі қолжетімді. Бұдан былай аталмыш қосымша арқылы елордадағы бос жұмыс орындарын табуға болады. Бағдарлама enbek.kz электронды порталымен байланыста қызмет атқарады. Өзекті деген бос жұмыс орындары мұнда да күнделікті жаңартылып тұрады.

Айта кетейік, Smart Astana қосымшасын Apple Store және Play Market-те жүктеп алуға болады. Осы уақытқа дейін қосымшаны 120 мың адам жүктеген.