Алматыда Фурмановтың ескерткіші бір түнде ұшты-күйлі жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Фурмановтың ескерткіші бір түнде ұшты-күйлі жоғалып кетті

Алматыда Фурмановтың ескерткіші бір түнде ұшты-күйлі жоғалып кетті

Алматыда Назарбаев даңғылы (бұрынғы Фурманов - Авт.) мен Құрманғазы көшесінің қиылысында Дмитрий Андреевич Фурмановтың құрметіне қойылған ескерткіш жоғалып кетті.

  • 25 Шiлде 2018
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz  хабарлады. 

Айта кетейік, осыған дейін Құрманғазы көшесінің бойында кеңес кезінің жазушысы әрі революционер Дмитрий Андреевич Фурмановтың ескерткіші тұрған еді. Ал бірақ қазір ол жерде тек құрылыс материалдары жатыр. Жол жөндеп жатқан жұмысшылар болса мүсінді кімнің алып тастағанын білмейтінін айтады. Сондай-ақ, олар Дмитрий Фурмановтың кім екенін білмегенін және мүсіннің кімнің құрметіне орнатылғанын білмегенін айтады. "Бүгін келсек — мүсін орнында жоқ. Кеше ғана тұрған еді", — дейді Заир Тургиев. Еске сала кетейік, былтыр қараша айында Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгертілген еді.