Басында екі беті бар бала дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 513
  • 541.16
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
29 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Басында екі беті бар бала дүниеге келді

Басында екі беті бар бала дүниеге келді

Индонезияда басында екі беті, екі миы бар бала дүниеге келді.

  • 26 Шiлде 2018
  • 2404
Фото - Caravan.kz

Гиман Эндика есімді бала Батам қаласында туған. Қазір екі айға толды. Оның басы біреу болғанымен, екі миы бар – сыңары анасының құрсағында дамымай қалыпты, деп хабарлайды РИА Новости Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай патология 250 мың жағдайда бір-ақ рет кездеседі. Бас сүйектің өзгеріске ұшырауы, сыңарының миы мен беті жабысып дамуы сәбидің денсаулығына қауіп төндіреді – өйткені басында шектен тыс сұйықтық жиналған. Сондықтан екінші миы мен бетін алып тастау үшін операция жасау керек.

Гиланның анасы босанғанға дейін баласының паталогиясы бар екенін білмеген. Үш рет УЗИ жасатса да, дәрігерлерге ештеңе көрінбепті.