Оған үйленетініме сенімді болдым: Денис Теннің ғашығы жайлы айтқан сұхбаты шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оған үйленетініме сенімді болдым: Денис Теннің ғашығы жайлы айтқан сұхбаты шықты

Оған үйленетініме сенімді болдым: Денис Теннің ғашығы жайлы айтқан сұхбаты шықты

Денис Теннің сүйген қызы жайлы айтқан сұхбаты жария болды. Спортшы оған үйленетінін сенімді болғанын айтты.

  • 27 Шiлде 2018
  • 1602
Фото - Caravan.kz

Gakku арнасы Денис Теннің бұрын көрсетілмеген сұхбатын жариялады. Онда спортшы 13 жасынан бастап ғашық болған қызы жайлы айтты.

“13 жасымда өзімнен кіші қызды ұнаттым. Ол да менімен бірге мұзда сырғанайтын. Бірге жаттығатынбыз. Оған деген ерекше құрметім, нәзік сезімім болды”, – дейді Денис.

Айтуынша, спортшы ол қызбен үйленетініне сенімді болған. Екеуінің болашағына жоспар құрған.

“Мен тіпті Сочи олимпиадасында жеңіске жеткен соң сол қызға үйленем деп жоспарладым. Мен 21 жасқа толғанда, ол 18-ге толатын еді. Есім кетіп, ғашық болған жоқпын, бірақ болашағымды бірге елестеттім. Ол менің қымбат қазынам секілді болды. Оған бәрін үйретуге тырыстым”, – дейді Денис.

Спотшының айтуынша, бала махаббаты өзінен 3 жас кіші болған. Алайда ол қыздың есімін атамады. Ғашық кезін күле еске алды.