Instagram-парақшасында ваннада жатқан суретін жариялаған әнші сезім туралы өлең жолдары мен жазба қалдырған.
Десе де желі қолданушыларының дені Индира Расылханның мұндай суреттерін ұнатпады.
«Масқара, үп-үлкен әйелсіз. Жасыңызға қарасаңызшы. Не мағына жоқ. Сіздерге қарап жастар тәрбие алады. Жараспайтын қылық жасамай, қазақтың әйелі болып жүрсеңізші», – дейді аікір қалдырушылардың бірі.
«Ел сыйлайтын адамсыздар. Осындай суретті не үшін салсыздар?» – дейді екіншісі.
«Жердегі жұлдыздар осылай жасаса, басқалары не істейді? Ұят екен»,- деп жазды тағы бір пікір қалдырушы.
Сондай-ақ, әншінің суреттері әдемі шыққанын әрі «ешқандай ерсілік көрмегендерін» айтып, жақтағандар да болды.