Журналист Түркістан облысы ішкі саясат басқармасын басқарады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналист Түркістан облысы ішкі саясат басқармасын басқарады

Журналист Түркістан облысы ішкі саясат басқармасын басқарады

Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымына Бейсенбай Дәулетұлы Тәжібаев тағайындалды.

  • 3 Тамыз 2018
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ведомство мәліметінше, ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымынана тағайындалған Бейсенбай Дәулетұлы 1982 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша — журналист, құқықтанушы.

Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласында "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінің тілшісі ретінде бастаған. 2005-2017 жылдары Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық "Оңтүстік Қазақстан" қоғамдық-саяси газетінің редакциясы" МКК-нің директор бас редакторы, "Айқын-Литер" ЖШС "Айқын" газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі, "Елордалық "Астана" журналы" ЖШС Бас редактор, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымдарын атқарған.

Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымында қызмет еткен.