Ресейде құлап өлген қыздың анасы: Нақұрыс тергеушілер жұмыс істеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде құлап өлген қыздың анасы: Нақұрыс тергеушілер жұмыс істеді

Ресейде құлап өлген қыздың анасы: Нақұрыс тергеушілер жұмыс істеді

Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова кінәлілер жазасын алады деген үмітте, ол қолында кейбір айғақтар бар екенін мәлімдеді

  • 12 Тамыз 2018
  • 47
Фото - Caravan.kz

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (ММХКИ) аумағында қазақстандық студент Томирис Байсафаның қаза болуы туралы істі тергеу Ресей тергеу комитетінің Мәскеу қаласы бойынша бас тергеу басқармасына берілді, деп хабарлады қыздың анасы Жанна Ахметова.

Төртінші курс студенті 21 жастағы Томирис Байсафа 13 сәуір күні ММХКИ оқу корпусының төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен болатын. Қыз ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, ол 3 мамырда көз жұмды. Томиристің туыстары оның өлімі кездейсоқ трагедия емес деп есептейді. Өйткені тергеудің бірінші кезеңінде төтенше жағдай болған сәтте бөлмеде оның курстасы болғаны анықталған.

"Астана-Мәскеу-Астана бағдары жүйкені жұқартты. Іс Батыс округтің тергеу басқармасынан алынып, Ресей тергеу комитетінің Мәскеу қаласы бойынша бас тергеу басқармасына берілді… қазіргі таңда жаңа тергеуші қосымша сараптамаларды тағайындады, біз тергеу басталған кезде көтерген мәселелер қарала бастады", — деп жазды Ахметова Instagram-дағы парақшасында.

Әйелдің айтуынша, жаңа тергеуші тергеу шаралары толық көлемде жүргізілмегендіктен "уақыты өтіп кетті" деп есептейді.


"Қажетті материалдар алынбаған, қажетті сараптамалар жасалмаған. Нақұрыс тергеушілер жұмыс істеді немесе тергеушілерге солай болғаны керек болды…", — деп түйіндеді Ахметова.

Соған қарамастан әйел кінәлілер жазасын алады деген үмітте, ол қолында кейбір айғақтар бар екенін мәлімдеді.

Тергеу барысы сондай-ақ Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің бақылауында.