Тамара Асар сәбидің тұсауын кескені үшін өзіне көлік мінгізгенін айтып мақтанды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тамара Асар сәбидің тұсауын кескені үшін өзіне көлік мінгізгенін айтып мақтанды

Тамара Асар сәбидің тұсауын кескені үшін өзіне көлік мінгізгенін айтып мақтанды

Бүгінде әншілерден баласының тұсауын кесіп беруін сұрайтындар қатары артып келеді.

  • 13 Тамыз 2018
  • 371
Фото - Caravan.kz

Сол арқылы өнер адамдарды да нәпақасын тауып, дәстүрді табыс көзіне айналдырған жүр. Тіпті, Қарақат Әбілдина Астанадан арнайы тұсау кесеті орталық ашқан еді. Ал тағы бір сәбидің тұсауын кескен әнші Тамара Асар өзіне көлік мінгізгенін жасырмады, деп жазады Stan.kzақпарат агенттігі.

Тамара Асар күні кеше Ақтауда сәбидің тұсауын кескені туралы жазба жариялаған еді.

Артынша оның жазбасына пікір қалдырушылардың ішінен сынағандары да табылды.

Әншіні сөккендердің бірі: «Құтты болсын, бірақ қалтаңызды толтырған болар. Әйтпесе бармайсыз ғой. Ақша қайда апармайды», – деп жазған.


Өз кезегінде Тамара Асар өзін сөккен желі қолданушысына жауап беріп, сәбидің ата-анасы көлік сыйлағанын айтты.

«Біздің қазақ дарxан xалық қой, бірден ат мінгізеді… «Ақша беруге ыңғайсыздандық», -деп, көлік сыйлады… Тұсау кескенім үшін… Шүкір…Құтты болсын!» – деп жазды Тамара Асар.