Жасы 82-ге келген ер адамның шатында қатерлі ісік пайда болып, терісі қыртыстана бастаған, деп хабарлайды The Sun. Әбден шыдамы таусылғанда дәрігерлерге барып, олар антибиотик жазып беріп, іріңдеп кеткен ісікті кесіп алып тастаған. Екі аптадан соң мерезденген жараның салдарынан оның жыныс мүшесі толық түсіп қалған. Клиникалық зерттеу жыныс мүшесінің толығымен қопарылып түсіп қалғанын көрсетті, — деп жазды Лахнаудағы Кинг-Джордж медициналық университетінің дәрігері. Зерттеу көрсеткендей, ер адамда жасушасы тегіс қатерлі ісігін — тері обырын анықтады. Дәрігерлер оның дәретханаға баруы үшін катетер жасауына тура келді. Ауру әбден меңдеген науқасқа паллиативтік көмек ұсынылды. Алайда науқас 15 күннен соң қайтыс болды.