«Алжыдым. Шалмын. Бірақ ұры емеспін» – қартайған Әзімбай Ғали - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алжыдым. Шалмын. Бірақ ұры емеспін» – қартайған Әзімбай Ғали

«Алжыдым. Шалмын. Бірақ ұры емеспін» – қартайған Әзімбай Ғали

Әзімбай Ғалидың көзі тірі. Үлкен кісі. Саясаттанушы, ғалым. Ол бұл Қазақстандағы бұл өмірін «ұры емес» адам ретінде сүріп өткенін үлкен абырой санайды екен.

  • 15 Тамыз 2018
  • 242
Фото - Caravan.kz

Мұны өзі жазды, былай деп, қазақша:

«Жасым егдеге келгенде екі-үш жағдайға ғана көңілім толады:

  • байлық дәулет жинамағаныма — менде дача мен авто жоқ
  • Директорлық пен завкафедралықтан бас тартқаныма
  • жағымпазданып, жаңсақтап медаль, орден алмағанымды

абырой деп есептеймін.

Есесіне екі ұл немерем бар. Құдай ұрпақсыз қалдырмады, соған Аллаға рахмет айтамын. Жетпегенім, жете алмағаным — «жарты шындықты» ғана айтқаным, өмірлік амалда «жарты шындыққа» өтірікті қоспауға тырыстым…

Көзім тірісіндегі жетістігім — мен туралы 55 (өзім оқып шыққан) мені жамандайтын мақала басылыпты. Орекеңдер: «әсіреұлтшыл, тым төзімсіз», тіпті сотталуы керек депті, ал қазекеңдер: «алжыған шал», «әдемі қартая алмаған шал» депті. Бірақ біреуі де мені ұры демепті.Көз тимесін», — 
деп жазыпты
 ол өзінің парақшасында