«Тоқал сенің не теңің?»: «Бәйбіше» деп келіншегімен қалжыңдасқан Төреғалиді жұрт орнына қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тоқал сенің не теңің?»: «Бәйбіше» деп келіншегімен қалжыңдасқан Төреғалиді жұрт орнына қойды

«Тоқал сенің не теңің?»: «Бәйбіше» деп келіншегімен қалжыңдасқан Төреғалиді жұрт орнына қойды

Бәйбіше. Келіншегімен осылай қалжыңдасқан Төреғали Төреәліні жұрт жақтырмай қалды.

  • 15 Тамыз 2018
  • 88
Фото - Caravan.kz

Төреғали Төреәлі Instagram-парақшасына келіншегімен түскен сурет жүктеп, «Бәйбіше» десем мына әпше, Намёк түсінбейді ғой вапше», – деп жазған.

Бұны оқыған тыңдармандары Төреғалиді жерден ап, жерге салды.

«Жап-жас келіншегің бар. Ұят емес пе мынауың?», «Төреғали, тоқал сенің не теңің? Төгілген абыройыңды жинап алсаңшы», «Әншілер әбден есіріп бітті. Біреуі оқушы қызды алады. Біреуі бала-шағасын тастап жас қыз алады. Қойсыңдаршы болды», – деп шуласты жұрт.