Ал бұл әнді әкесі анасына арнап жазған көрінеді, lдеп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.
— Осы айдың 20 шы жұлдызында "Сағындым" деп аталатын әнді сіздерге тарту етпекпіз! Бұл әнді осыдан 20 жыл бұрын әкем анама арнап шығарған болатын. Ата-анамның отау құрганының 25 жылдығына орай шыққалы жатырған туындымызды қабыл алыңыздар! деп жазды Димаш.
"САҒЫНДЫМ…" Есіңде ме, арайлым,
Балаң көңіл, арай күн?
Нұрлы үмітпен жүруші едік
Тəтті сырлар ақтарып…
Кəусəр көңіл гүл ашып
Арманға арман ұласып
Жүректерде жатты анық… Қайырмасы:
Наз күлкіңмен əлдиленген
Айлы түнді сағындым
Өрнектелген əн- күйменен
Жан сырыңды сағындым…
Жаздың əсем таңдарында
Елітуші ем арманыңа…
Сол күндерді сағындым…
Сағындым, жаным… Қызғалдақтан аумайтын
Мені өзіңе баурайтын
Албырт шақтың бал күндері
Оралар ма қайтадан…
Жыл қосылды жылдарға
Уақыт шіркін тұрған ба?
Көңіл мұңды айтады əн… Қайырмасы :
Наз күлкіңмен əлдиленген
Айлы түнді сағындым.
Өрнектелген əн — күйменен
Жан сырыңды сағындым…
Жаздың əсем таңдарында
Елітушіі ем арманыңа
Сол күндерді сағындым…
Сағындым, жаным…