Ақмола облысында жауған бұршақ егінді жапырып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында жауған бұршақ егінді жапырып кетті

Ақмола облысында жауған бұршақ егінді жапырып кетті

Ақмола облысында бұршақ жасыл желектерді жапырып, электр беру желілерінің сымдарын үзді

  • 20 Тамыз 2018
  • 31
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысында жексенбі, 19 тамыз күні бұршақ аралас қатты жаңбыр жауды.

Әлеуметтік желі қолданушылары Аршалы ауданында электр сымдарын үзіп, елді мекендерді жарықсыз қалдырған ірі бұршақтың суретін жариялап жатыр.

Табиғаттың дүлей күші үй іргесіндегі телімдердегі егінді жапырып кетті.

Бурабай курортында да найзағай ойнап, нөсер жауын жауды. Өңірде температура +12-ге дейін төмендеді.


Синоптиктер бүгін, 20 тамыз күні табиғат апаты болуы мүмкін екенін ескертеді.

Көрші Солтүстік Қазақстан облысында да ауа райы бұзылды. Мұнда жексенбіден бері дауылды ескерту жарияланған, жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжанып отыр.