Бұл туралы спортшының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап Vesti.kz. хабарлады.
Жарыс Индонезияда өтіп жатыр. Азиада басталмай тұрып бірде-бір қазақстандық арнаның трансляциялау құқығын алмағаны белгілі болған еді.
"Осы күндері Индонезияда АЗИЯ ойындары өтіп жатыр, біз міне жігіттер мен қыздарымызға жанкүйер бола алмай отырмыз! Спортшыларымыз ел намысын қорғау үшін барын салуда, ал еліміз мұны тікелей эфирде көрсетуге жарамайды! КазСпорт пен басқа арналар әкесінің басына керек пе!?, егер осындай әлемдік деңгейдегі турнирді көрсете алмаса! Оның орнына тірі жанғңа қажеті жоқ 45 жылғы футболды көрсетеді! Өзбек ағайындардан үлгі алыңдар! Осыны тікелей эфирде көрсетсек қанша баланы спортқа баули алатын едік, оның үстіне қазір бәрі демалыста жүр! Елімізде бәрі кері жасалады! Қашанғы осылай болады!" — деп жазыпты Хмитов Instagram желісінде.