Сөзінде тұрмайтын адамдар көп: Салтанат Бақаева ақын Назерке Семей туралы өз ойын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сөзінде тұрмайтын адамдар көп: Салтанат Бақаева ақын Назерке Семей туралы өз ойын айтты

Сөзінде тұрмайтын адамдар көп: Салтанат Бақаева ақын Назерке Семей туралы өз ойын айтты

Басы дауға қалған әнші Салтанат Бақаева қазіргі кезде өз сөзінде тұрмайтын адамдардың көбейіп кеткенін айтып, өзгелерді сақ болуға шақырды. 

  • 23 Тамыз 2018
  • 166
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы. 

“Негізі xалық екіге бөлініп, бірің жамандап, бірің жақтап жатқан көңілдеріңізге рақмет. Назерке Семей кезінде тегін берген сөзі үшін араға 2 жыл салып ақысын талап етті! Мен заңгеріммен ақылдаса отырып Назеркенің ақысын төледім! Әнді заңды түрде иелендім. Құрметті менің әріптестерім, мен түскен оқиғаға түсіп қалмаңыздар, өйткені қазіргі уақытта өз сөзінде тұратын адамдар жоқтың қасы.

Әрине осы оқиғаны елге жарияламас бұрын маған xабарласса, барынша өзара шешімін табуға тырысатын едік. Не істесек те ең алдымен ойланған абзал”, – деп жазады Салтанат Бақаева.


Еске салсақ, көптеген әннің авторы, жас ақын Назерке Семей ұзату тойларында хитке айналған «Әгугәй, құрбым» әнін жазып бергені үшін Салтанат Бақаевадан қаламақы алмағанын айтқан болатын