Ата-аналардан ақша жинау заңды ма? Жемқорлықпен күрес агенттігінің жауабы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ата-аналардан ақша жинау заңды ма? Жемқорлықпен күрес агенттігінің жауабы

Ата-аналардан ақша жинау заңды ма? Жемқорлықпен күрес агенттігінің жауабы

Астанада өткен жиында мектепте ата-аналардан ақша жинау және онымен күресу мәселесі талқыланды.

  • 24 Тамыз 2018
  • 60
Фото - Caravan.kz

Ата-аналардан кез келген жағдайда ақша жинау — заңсыз. Бұл туралы білім саласындағы қызметтердің сапасын көтеру мәселелері талқыланған жиында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Sputnik.  

"Астанада ақпан айынан бастап агенттік пен қалалық әкімдіктің бірлескен " – адалдық алаңы" жобасы іске асырылып жатыр. Оның жұмысы жобалық менеджмент қағидаларына негізделген", — деп атап өтті Бектенов. 

Оның айтуынша, жоба аясында білім саласына жүргізілген талдау нәтижесінде бірқатар олқылық анықталып, нақты ұсыныстар дайындалды. 

"Мектептердегі ақша жинау мәселесін ерекше айтып өткім келеді. Өкінішке қарай, бұл үйреншікті дүниеге айналып отыр. Ата-аналардың көпшілігі оған көндігіп, солай болуы тиіс деп ойлайды. Бірақ олай емес. Мемлекет мектептің бүкіл қажеттілігіне жеткілікті мөлшерде қаражат бөледі, оның ішінде жөндеу жұмыстары мен басқа да шаралар бар.

Ата-аналардан кез келген формада  жинау заңсыз. Бұл балабақшаларға да қатысты", — деді төраға орынбасары. 

Ол мемлекеттік органдарға барлық ұсынысты ескеріп, мәселені шешу үшін белсенді жұмыс істеу қажеттігін айтты.

"Астана – адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Жазира Жылқышиева Астана мектептерінде бұл мәселе өткір тұрғанын жеткізді. Әлі күнге дейін балабақшаға бару үшін "қосымша" ақша төлеу керек. Кейбір колледждер өрт қауіпсіздігі нормаларына жауап бермейді. Жөндеу жұмыстары оқушылар мен студенттердің есебінен жүргізіледі. 

Агенттіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұдан бөлек, отырыста білім беру мекемелерін реформалау мәселесі талқыланды, бұл жұмыстың нәтижесінде мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру мүмкін болады. Бюджеттен қосымша қаржы бөлмей-ақ, оқушыларға жағдай жасау жағы жақсарады, деген сенімде жиынға қатысушылар.