Димаш Құдайбергеннің ата-анасы келіндерінің қандай болғанын қалайтынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайбергеннің ата-анасы келіндерінің қандай болғанын қалайтынын айтты

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы келіндерінің қандай болғанын қалайтынын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар болашақ келінінің туралы сұраққа жауап беріп, алтын асықтай ұлдарының жары қандай болғанын қалайтынын айтты.

  • 24 Тамыз 2018
  • 32
Фото - Caravan.kz

24 жасында әлемге атағы шығып, әйгілі болған Димаш Құдайберген қазақстандық қана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі қыздардың арманына айналғаны өтірік емес. Сымбаты келісті, ұзын бойлы, бастысы үлкен дарынға ие жігіттің жұмысы көп, ал жеке өміріне уақыты жоқ тәрізді. Алайда әншінің ата-анасының келін түсіру туралы арманы жоқ емес.

Ал болашақ келіні туралы айтқан ата-анасы «Тақиялы періште» фильміндегідей келінді өздері іздемек емес. Таңдауды Димаштың өзіне берген.

«Әрине, бұл оның жүрек таңдауы. Алайда біз келіннің менің жұбайым сияқты болғанын қалар едік», – деп күлді Қанат Айтбаев.


Айта кетсек, әнші күні кеше ғана “Dimash” деп аталатын шәйін ұсынды.