Сондай кездерде олардың арасында ұрыс-керіс боп тұратыны да жасырын емес. Эстрада жұлдыздарының арасындағы қақтығыс қаншалықты рас? Оны Есқалиеваның өзі айтып берді.
Бағдарлама барысында жүргізуші Тимур Балымбетов Нағима Есқалиевадан өнердегі әріптесі Ділназ Ахмадиевамен арадағы қақтығыстары қаншалықты шын екенін сұрады. Әлде бұл сценарий бойынша жасалатын дүние ме?
«Ол сондай жиіркенішті. Өте жиіркенішті», – деп әзілдеді Нағима Есқалиева.
Өз сөзінде Есқалиева әріптесі Ділназдың жақсы әрі сауатты әнші екенін атап өтті.
«Ол шет тілдер институтын бітіргеніне қарамастан, жақсы, сауатты әнші. Байқауда қатысушы ағылшын тілінде ән айтса, кейде оларды өз мамандығы бойынша сынайды. Мен ағылшын тілін түсінбеймін. Бірақ бастысы ол ән айтып тұр. Иә, арамызда қақтығыс болып тұрады», – дейді Нағима Есқалиева.
Сондай-ақ, ол әріптесімен арадағы ұрыстың кейде бағдарламаны қыздыру үшін әдейі жасайтындарын да мойындады.