Атырау облысында “әмин” деп дауыстаған ер адамға 84 мың теңге айппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында “әмин” деп дауыстаған ер адамға 84 мың теңге айппұл салынды

Атырау облысында “әмин” деп дауыстаған ер адамға 84 мың теңге айппұл салынды

Атырау облысында жамағатпен намаз оқыған ер адам дауыстап құлшылық еткені үшін айыпты болды.

  • 25 Тамыз 2018
  • 56
Фото - Caravan.kz

Облыстағы Қызылқоға аудандық соты жергілікті тұрғынды дауыстап құлшылық еткені үшін 84 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.

Ер адам Миялы ауылындағы “Бәйтерек” мешітінде жамағатпен бірге бесін намазын оқыған. Имам “әмин” сөзін дауыстап айтқан ер адам үшін құлшылығын бұзған.  Имам ескерту жасағанымен, ер адам оған құлақ аспаған.

Ер адам “Діни бірлестік пен діни әрекеттер жөніндегі заңды бұзу” бабы бойынша айыпталды. Ол кінәсін толық мойындады.