Димаштың Сочиге келуіне орай фанаттары тосынсый жасағысы келіп, оның суреті бейнеленген билбордтар орнатқан.
«Димаш Сочиде және бәріне қарап тұр. Біз мұны жасадық. Барлық фан топтар мен фанаттарға алғыс білдіреміз. Бәріміздің күш салуымызбен 1 LED экран, 6 билборд және 3 жарқағаз пиллары орнатылды», – деп жазды Димаш Құдайбергеннің Еуразиялық фан тобының парақшасында Ирина Ким.
Айта кетсек, «Жаңа толқын» байқауы 4-9 қыркүйек аралығында өтетін болады.