Ескелді мен Самат қазір бар уақытын ән жаздыру студиясында өткізуде. Олар аз уақыт ішінде алғашқы бейнебаянын түсіріп үлгерген. Алғашқы туынды “Дәрумен” деп аталады.
“Бұл ән арқылы әр адам өзіне дәрумен алады. Біреуге шабыт, көңіл-күй сыйлауы мүмкін. Біз бұл ән арқылы “Q-pop-тың дәрумендері келді” дегенді жеткізгіміз келді”, – дейді жігіттер.
Өнерпаздар экс-продюсерлері Есболат Беделханмен арада болған жанжалға нүкте қойды. Бүгінде жаңа продюсермен жұмысты бастап кеткен. Виктор есімді украиналық азамат EQ тобының қазіргі жетекшісі.