Қайрат Нұртастың фан-парақшаларының бірінде әншінің кішкентай ғана жанкүйерінің үйіне қонаққа барған видеосы пайда болды. Онда Қайрат науқас балаға сый-сыяпатын табыс еткен.
Мұны көрген желі қолданушылары әншінің кішіпейілділігіне, қарапайымдылығына тәнті болды.
“Қарапайымдылығыңызбен елдің жүрегің жаулап алған жансыз ғой. Жарайсыз, көріп, қатты қуанып отырмын. Сізге де Алланың нұры жаусын”, – деп жазды Аяла Қуатбек есімді желі қолданушысы.