Өзім білемін: Нұрболат Абдуллин не себепті әйелін көрсеткісі келмейтінін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзім білемін: Нұрболат Абдуллин не себепті әйелін көрсеткісі келмейтінін түсіндірді

Өзім білемін: Нұрболат Абдуллин не себепті әйелін көрсеткісі келмейтінін түсіндірді

Жақында ғана жеке өмірінің құпиясы ашылып, қызы Шахназдың құрметіне дүркіретіп той жасаған Нұрболат Абдуллин отбасылық ұстанымын өзгертпейтінін айтты. Ол алдағы уақытта да жеке өмірін құпияда ұстайтынын меңзеді.

  • 18 Қыркүйек 2018
  • 2154
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, әнші не себепті әйелін көрсеткісі келмейтінін түсіндірді.

Суретте Нұрболат Абдуллин қарындасымен. Әншінің ресми парақшасынан алынды

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Нұрболат қызы Шахназдың құрметіне той жасады. Кенжесінің есімін әншінің өзі қойыпты.

“Бірнеше есімді таңдап, анама көрсеттім. Бірақ ішінде осы есім ұнап тұр деп айттым. Анам қарсы келген жоқ. Жалпы балаға есім қою таласатын дүние деп ойламаймын. Баланың өмірі есіміне тікелей байланысты болады деп айтып жатады, әрі үйдің кенжесі болғандықтан, бұл тұрғыдан маған ешкім қарсы шыққан жоқ”, – деп түсіндірді Абдуллин.

Иә, Нұрболаттың құпиясы ашылды. Осы уақытқа дейін жұрт бойдақ деп ойлап келген әншінің әйелі, тіпті баласы бар екені анықталды. Десе де, Абдуллин жеке өмірімді халықтан жасыруды доғармаймын деп отыр. Себебі:

“Бұл менің жеке күнделігім, өмірлік құпиям. Тойды біреуден тығып жасаған жоқпын. Түсіретіндер түсірді, жіберетіндер жіберді. Біреулер неге парақшаңа салмайсың дейді, сол тұрғыдан келгенде бір ғана жауап: мен өзім білемін. Ол менің асылдарым, ата-анам, отбасым, бауырларым. Бұл өмірде ең қымбат дүнием солар. Мен оларды ғаламтор желісіне салып, арзандатқым келмейді. Оған жол жоқ.


“Сары майдай сақтап, сүрленген еттей” деген сөз бар ғой қазақта. Үлкен “держава” болған кезде көрсету керек қой. Шығармашылық жұмыста мысалы, бір ән жазып алып, жүрмейсің ғой. Жеке өмір де солай. Отбасылық абырой, бедел деген дүние бар. Соны сәл нәрсеге арзандатып жібермеу керек деп ойлаймын. Бұл менің саясатым. Мен халыққа қызмет етемін, халқымды құрметтеймін. Менің бұл құпияма қатты араласпаса екен деп ойлаймын”, – деп ағынан жарылды Нұрболат.