Мессенджер қолданушылары "Канело" екінші рет допингпен ұсталды деген хабарламалар таратып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл арандатушылыққа еш қатысымыз жоқ, бұл расталмаған мәлімет. Біреу Интернетке "Канелоның" допингпен ұсталғаны жайлы жазып жіберген. Біз ол туралы естіген жоқпыз", — деді Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненко.
"Қазақстан" "РТРК" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин де бұл хабарламаға қатысты пікірін білдірді. "Генаның жеңілісіне өкінгені де бар, тіпті қайғырғаны да бар. Бірақ, елдің көңілімен былай ойнап, әзілдеу енді тіпті артық. Кешелі бері көптеген азаматтар мына жалған ақпаратқа сеніп, жекеге жазып сұрап жатыр :) Ешқандай да қайта жекпе-жек жуырда болмайды. Кез келген жекпе-жек бірнеше ай бұрын дайындалады, ондай болатын болса міндетті түрде арнайы xабарлаймыз", — деп жазды Қарин Facebook желісіндегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварестен 16 қыркүйекте өткен реваншта жеңіліп қалды. Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114.
Бұл екі боксшының арасындағы алғашқы жекпе-жек осыдан бір жыл бұрын өткен еді. Ол кезде кездесу тең аяқталды. Реванш биыл 5 мамырда өтуі тиіс болған, алайда мексикалық боксшы допинг тесттен өте алмай, тыйым салынған заттар қанынан табылып, ол алты айға бокстан шеттетілді.
Соңғы жаңалықтар
"Көзін ашып, бетін тартып, бәрі бірдей болып кеткен": Бетіне ота жасатқан танымал әншіні көпшілік танымай қалды
Мәдениет
6 Мамыр
"Он жыл бойы қорлап келеді": Ауқатты шенеуніктің әйелі күйеуінің өзіне көрсеткен жантүршігерлік азабы туралы жайып салды
Жаңалықтар
6 Мамыр
Бірінші несиелік бюро ең көп қарызы бар есімдер бойынша мәлімет жариялады
Жаңалықтар
6 Мамыр
Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды
Жаңалықтар
6 Мамыр
Заңгер Ләззат Ахатова Нүкенованың ағасы туралы: “Бұның да қаныпезерлігі Бишімбаевтан кем түспейді”
Жаңалықтар
6 Мамыр
Қазақстандықтарға Telegram және WhatsApp-тағы фишингтік шабуылдар туралы ескертілді
Жаңалықтар
6 Мамыр
Ұлытаудан Қызылорда көлдеріне қарай 839 млн текше метрден астам су кетті
Жаңалықтар
6 Мамыр
Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Жаңалықтар
6 Мамыр
"Тіпті қылышы да жоқ қазақ әскерін немістің танк дивизиясына қарсы жіберген": Тарихшы екінші дүниежүзілік соғыстағы адам шошырлық оқиғаны айтты
Жаңалықтар
6 Мамыр
Бишімбаевтың ісі біраз мәселені ашты: Бала тәрбиесіне көңіл бөлу
Жаңалықтар
6 Мамыр