Жас қыздарға егде жастағы басшылары қырындаса не істеу керек: маман кеңесі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас қыздарға егде жастағы басшылары қырындаса не істеу керек: маман кеңесі

Жас қыздарға егде жастағы басшылары қырындаса не істеу керек: маман кеңесі

Жұмыс орнындағы басшылар өз лауазымдарын пайдаланып жас қыздарға қырындаған жағдайда қандай әрекеттер жасау керек?

  • 19 Қыркүйек 2018
  • 134
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне қазақстандық заңгер мазмұндап берді.

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде басшылар жас қыздарға қырындап, өздерімен қарым-қатынасқа түсуіне мәжбүрлеп жүргендері туралы көп жазылатын болған. Әрине, жас қыздар оларға қарсы тұрып, беттерін қайтарып, басшыларының атына шағым немесе арыз түсіреміз деген сөздері ер адамдарды еш қорқытпайтын сынды. Өйткені қолдарында ешқандай айғақ болмайды.

Мұндай жағдайға тап болған кезде, заңгердің айтуынша, ең алдымен басшының көңілін аудара отырып ұялы телефондағы видеоны немесе аудио функцияларын қосқан дұрыс.

«Бірақ телефонды қосқаннан кейін қыздар басшыларының қылықтарына қарсылық білдіргенін көрсету керек. Қарсылық танытпаған кезде барлық оқиға келісіммен болған деген тұжырымға келуге болады. Сондықтан, видео немесе аудиоларда басшысына кедергі келтіргенін нақты көрсету керек. Сонда ғана артынша әріптесінің кінәсін дәлелдеп, сотқа шағымданбаған жағдайда басқа талаптар қоя алады», – дейді заңгер.

Сонымен қатар, заңгердің пікірінше, нақты дәлел болмаса, өкілетті органдарға шағымданғанның пайдасы аса бола қоймайды.


«Егер қыздың қолында әлде бір айғақ болмаса, басшысының кінәсін сотта немесе тергеу кезінде дәлелдеу өте қиынға түседі. Және ең жаманы, басшы «маған жала жабылды» деген қарсы арыз түсіруі мүмкін. Сол кезде шынымен айғақ табылмаса, қыздың өзіне қарсы іс қозғалуы мүмкін. Қорытындылай келе, болған жағдайға қатысты дәлеліңіз болмаса, өз басыңызды қатерге тігіп арыз жазудың қажеті жоқ. Тек келесі жолы мұндай нәрселер қайталанған кезде бәрін алдын ала ойластырып дұрыс қадам жасау керек», – деген кеңес берді қазақстандық заңгер.

Естеріңізге салсақ, Алматылық Гүлжан Нараутова Facebook-те ірі компанияның 70 жастағы иесінің тағылымдамадан өтуге келген жас қызға қалай қырындағанын баяндап бергені туралы жазған болатынбыз.

Перейти к новостям спорта