Ақтөбеде 30-ға жуық сайт бұғатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде 30-ға жуық сайт бұғатталды

Ақтөбеде 30-ға жуық сайт бұғатталды

Ақтөбе қалалық сотының шешімімен 30 интернет-сайттың жұмысы тоқтатылған.

  • 20 Қыркүйек 2018
  • 61
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Ақтөбе облыстық прокуратурасының хабарлауынша, бұғатталған сайттардың көбі бөтеннің мүлкін тонауға итермелейді.

— Сот шешімімен бұғатталған сайттар тыйым салынған заттарды саудалаған. Мысалы, автокөлікке орнатылған күзет жүйесін сканерлейтін кодграберлер мен құлыптарды кедергісіз ашатын кілттер жиынтығын сатқан. Біз ұсынған материалдарды саралай келе сот шағымды қанағаттандырды, — деп хабарлайды Ақтөбе облыстық прокуратурасы.

Прокуратураның мәліметінше, азаматтар аталған сайттардан тыйым салынған тауарларды сатып алған және оларды пайдаланып та үлгерген. Осыған орай жүріп жатқан жедел іс-шараларды прокуратура бақылап отыр.